№12 және №22 жалпы орта білім беретін мектептердің оқушыларына арналған ақпараттық технологиялар және бизнес колледжіне экскурсия.
Басты мақсат – оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға көмектесу және IT және бизнес саласында оқудың артықшылықтарын көрсету. Кездесу барысында директордың өндірістік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ардак Токтасовна Ахметова «Маркетинг жөніндегі менеджер» бейінінде оқитын оқушыларды мамандықтармен және колледжге түсу шарттарымен таныстырды, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Келесі кезекте оқушыларға колледждіңоқу кабинеттері мен спорт залы көрсетіліп, құрал-жабдықтармен және техникалық оқу құралдарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берілді.
Іс-шара бизнес, басқару, құқық және қауіпсіздік айлығы аясында өтті.



