IT-индустрияның ішкі тынысы: ОӨК-ның («Графикалық дизайн» бейіні) оқушылары «SOLID GROUP» ЖШС компаниясына барды.
8, 10 және 11 сынып (№5, 6, 11, 18 мектептері) оқушыларына бұл кездесу мамандықпен танысуға мүмкіндік берді:
— техникалық бөлімнің жобалары мен әзірлемелерін үлкен экраннан көрді;
— команданың нақты жұмысын және кеңседегі заманауи жабдықтарын көрді;
— тәжірибелі мамандарға сұрақтар қойды;
— VR тренажерларын сынап көрді және виртуалды шындықтың мүмкіндіктерін сезінді
Бұл кездесу IT-мамандықтары айлығы аясында өтті. «SOLID GROUP» ЖШС-не қонақжайлылық пен болашақ мамандарға шабыт бергені үшін рахмет!




