17 қарашада 2-ОӨК бизнес-колледжге 17 адамнан құралған 9-10 сынып оқушылармен экскурсия ұйымдастырылды.
Оқушыларға робототехника үйірмесінің балаларымен жасалған бірегей роботтар ұсынылды. Олардың арасын қатысушылардың кіріп кетерлерін санайтын робот -есептегіштер, ролл-перделер, электронды музыкалық синтезатор, «Қаражорға» биін орындайтын робот- биқұмар!
Колледж оқушылары роботтың қалай жасалатынын, неден басталатын айтып берді және «лего» құрылымын балаларға ұсынды, ал ол тіпті қыздарды да қызықтырды.
Экскурсия өте пайдалы және қызықты өтті, себебі робототехника сабақтары XXI ғасыр дағдыларын дамытуына әсерін тигізеді: мақсат қоя білу, қолда бар қорларды пайдалана отыра олардың мәселелерінің шешу жолдарын табу,ақпараттық қорлармен жұмыс жасаудың дағдыларын дамыту,үлкен ағымнан басты ойды тандай білу; және де коммуникациялық дағдылар. Оларға бірінші кезекте өз жұмысын таныстыруы,ой пікірін қорғауы және қойылған сұрақтарға дәләлдеп жауап беруі жатады.