Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПЕДАГОГТАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ
14-06-2021 15:21
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПЕДАГОГТАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ
Маусымның 11 жұлдызында дарынды балалармен әкімнің дәстүрлі салтанатты жиыны өтті.  Онда жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиаданың 6 жүлдегері және ұстаздарымыз қатысып, марапатталды. 
1. Ғұмар Ернұр - орыс тілі пәні мұғалімі Сахимзадина М.Д.;
2. Балғабаева Бақытгүл - қазақ тілі пәні мұғалімі Жусупова Л.Б.;
3. Рахимжан Айжас - биология пәні мұғалімі Бектемирова Г.Б.;
4. Нұрболат Аружан - құқық пәнінің мұғалімі Қасымжанова А.Е.;
5. Нажмиден Айдос - физика пәнінің мұғалімі Аментаева Г.К.;
6. Сурумбетова Камила - қазақ тілі пәнінің мұғалімі  Умрахимов С.Б..
Салтанатты шара өзен бекеті орнында “ Сарыарқа” круизімен жалғасты. Салтанатты шара барысында оқушыларымыз қала әкімінің құттықтауы мен 100 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық сертификатымен және жеке стелалармен марапатталды. Мұғалімдерімізге әкімнің алғыс хаттары табысталды. Мұғалімдерімізге  шығармашылық табыс, бақыт, игі істеріңізге жаңа шыңдарды бағындыра берулеріңізге тілектеспіз. Оқушыларымызға сәттілік болсын. Осы шараны ұйымдастырған ҚББ мен “Павлодар дарыны” бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығының басшылары мен қызметкерлеріне өскелең ұрпақтың рухани, зияткерлік дамуына ықпал жасағандарыңызға алғысымыз шексіз.