Сенім телефоны
8(7182)-21-88-18
email: 37mektep-pvl@mail.ru
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
Бір жылда2808931
Бір айда217579
Бір аптада60375
Кеше4937
Тәулік7301
Шетел тілдері мұғалімдері

 

Садыкова Динара Бауыржанқызы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Білімі жоғары, 2006 жылы «Екі шетел тілі: ағылшын тілі, неміс тілі» бакалавры мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын аяқтады. Жұмыс өтілі - екі жыл. Қалалық деңгейде 2016 жыл – participator of the Professional Development Program on Blended Learning. 2015-2016 оқу жылы - қалалық тамыз конференциясы «Білімді ел – Мәңгілік ел» ("Үздік баяндама"). – 107 ұпай. 2016 – 2017 оқу жылы – «Ағылшын тілі білім беру мазмұнын жаңарту аясында» біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Халықаралық деңгейде Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Инстутының 2015-2016 оқу жылы - Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қатысушысы, «Жоғары педагогикалық мектепте инновациялық білім беру институттандыру сертификатының, 2015-2016 оқу жылы - халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар қатысушысы «білім беру және оқыту сапасын бағалау» сертификатының иегері. 2015-2016 Павлодар қаласы Инновациялық Евразиялық университетінің оқу жылы - аралас оқытуда кәсіби дамыту үшін халықаралық оқу бағдарламаларының қатысушысы сертификатын иеленген. Оқушылар дайындауда қалалық деңгейде 2015-2016 оқу жылы - ғылыми конференция облыстық конкурсының жеңімпазы «Жаңа қоғамдағы жас адамдардың әлеуеті: білім және ғылым сапасы» (I-ші дәрежелі диплом, ПМПИ). 2016 – 2017 оқу жылы – қалалық ғылыми жобалар конкурсының қатысушысы, «Батыл қадам» атты диплом иегері. Халықаралық деңгейде:2015-2016 оқу жылы - «XVI Сәтпаев оқулары»Халықаралық ғылыми конференциясының қатысушысы.

куанова

Қуанова Гүлмира Имашқызы - ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Алматы педагогикалық шет тілдер институтын 1986 жылы «Ағылшын тілі» бойынша бітірген. Жалпы пед.өтілі- 30 жыл. Санаты –бірінші. Павлодар облысының педагогикалық шеберлік орталығында «Тиімді оқыту» біліктілігін арттыру курстарын 2016 жылы, 2013 жылы Павлодар облысының педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру институтында «Ағылшын тілі» бағыты бойынша «Мектептегі лингвистикалық білім берудегі инновациялық технологиялар» біліктілігін арттырған. 2011 жыл-«Сын тұрғысынан ойлау әдістемесі арқылы оқушылардың танымдық әрекетін дамыту»- шет тілдер мұғалімдерінің семинарының қатысушысы. 2015 жыл – «ҰБТ-ға дайындаудың тиімді тәсілдері» қалалық семинар қатысушы. 2010 жылы аудандық пән олимпиадасына оқушыларды сапалы дайындаған үшін Мадақтамамен марапатталған, 2014 жылы қалалық білім беру бөлімнің Алғыс хатының иегері.

шакубаева

Шакубаева Мирангуль Кұрметқызы - ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтын 2009 жылы «Екі шет тілі: ағылшын, неміс тілі» мамандығы бойынша бітірген. Жұмыс өтілі – 9 жыл. 2016 жылы Павлодар облысының педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін институтында «Ағылшын тілі пәні бойынша орта білім мазмұнын жаңарту шеңберіндегі» бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курсын өтті. «Білім беру және оқыту сапасын бағалау » халықаралық ғылыми - әдістемелік семинар қатысушы. 2016 жыл – participator of the Professional Development Programma on Blended Learning. 2014 жыл - «Білімді басқару – болашақтың кілті» атты халықаралық конференциясының баяндаушысы. Ағылшын тіліне деген сүйіспеншілікті және қызығушылықты мектеп балаларында тудыра алған мұғалім.

айгазинова

Айғазинова Гүлмира Қанатқызы – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтын 2009 жылы «Екі шет тілі: ағылшын, неміс тілі» мамандығы бойынша бітірген. Санаты – 2. Жұмыс өтілі – 7 жыл. 2012-2013 оқу жылы- мұғалімдер арасындағы пән олимпиадасының 2 орын иегері. 2012-2013 оқу жылы "Әлемдегі маңызды мәселелер: тіл, журналистика, мәдениет және әлеуметтану" атты облыстық семинар қатысушысы. 2012-2013 оқу жылы -"Инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің' облыстық кезеңінің қатысушысы. Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Инстутының 2013-2014 оқу жылы - облыстық теоретико-методологиялық семинарының қатысушысы. 2013 year participator of the methodology conference programme for in-service English language methodologists’development in the context of including teaching English to 1st graders in Kazakhstan. 2013-2014 оқу жылы Республикалық педагогика оқуларының қатысушысы "Білім саласындағы қызметкердің кәсібі шеберлігі жаңашыл білім беру және оқыту сапасының негізі". 2013-2014 оқу жылы- Астана қаласында өткен Республикалық филологтар съездінің қатысушысы.

Озыхан Ұлжан Нұрболатқызы – ағылшын тілі пәні мұғалімі

Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжің 2017 жылы үздік аяқтады. Жұмыс өтілі- 1 жыл. 2017 жылы XIV қалалық мұғалімдер олимпиадасының I - орын иегері. 2018 жылғы XIV облыстық мұғалімдердің пәндер олимпиадасында ағылшын тілі пәнінен «Табысты бастау» номинациясының иегері. 2018 жыл - «Тіл шебері» қалалық конкурсының 1-ші орын иегері. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген «Тіл шебері» облыстық конкурсының, БУҚБДДО «Павлодар дарыны» алғыс хат, «Үздік презентация» атты I Республикалық педагогикалық конкурсының сертификат иегері.

Жакупбекова Айым Төлегенқызы – ағылшын тілі пәні мұғалімі

Білімі – арнайы орта. Еңбек өтілі – 1 жыл. 2017 жылы «Ағылшын тілі пәнінің бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжін аяқтады. Қазіргі уақытта «Екі шет тілі: ағылшын тілі» мамандығы бойынша Павлодар педагогикалық университетінің 2 курс студенті. 2018 жылы Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Ағылшын тілі» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсынан өтті.2017 жылы Қазақстан халқы тілдерінің XIX республикалық фестивалі аясында өткізілген «Тілдарын» облыстық олимпиадасына қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Жуманова Назгуль Кайриденовна - ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

Білімі жоғары. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының колледжің 2013 жылы «Бастауыш мектепте шет тілі мұғалімі» мамандығы бойынша үздік аяқтады. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын 2016 жылы «Екі шет тілі: ағылшын, неміс тілі» бакалавры мамандығы бойынша бітірген. Жұмыс өтілі – 5 жыл. 2013 жылы Республикалық ТжКБ беруді дамыудың және біліктілікті берудің ғылыми – әдістемелік орталығының шешімімен Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі біліктілігі берілді. 2016 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында қазіргі ғылыми парадигмадағы тіл мәселелері: XI Седельников оқулары халықаралық ғылыми–практикалық конференциясының қатысушысы.

Мауина Асель Серикқызы - ағылшын тілі пәні мұғалімі

Білім жоғары, 2009 жылы «Екі шетел тілі: ағылшын тілі, неміс тілі» бакалавры мамандағы бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын бітірді. Жұмыс өтілі – 6 жыл. 2011-2017 жылдары "Langberry" жеке тіл мектебінде, ал 2017-2018 жылдары Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің филиалында жұмыс істеді. Жеке тіл мектебінде жұмыс істеген барлық уақыт ішінде алғыс хаттармен марапатталды. 2018 жылы жаңа форматты 3 деңгей курсы өтті. 2018 жылдың 29 қазанында "TeachingFourSkillstoTeenageStudents"әдістемелік семинарына қатысты.