Сенім телефоны
8(7182)-21-88-18
email: 37mektep-pvl@mail.ru
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
Бір жылда2920108
Бір айда106708
Бір аптада19181
Кеше1451
Тәулік1822
Музыка, бейнелеу өнері, технология, өзін-өзі тану мұғалімдері

 

салтанат николаевна

Кинжибаева Салтанат Николайқызы - технология, бейнелеу өнері және сызу пәндерінің мұғалімі

Білімі жоғары, 2009 жылы «Кәсіптік білім» бакалавры «Жалпы техникалық пәндердің оқытушы, еңбек технологиясының және кәсіпкерлік мұғалім» мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын аяқтады. Жұмыс өтілі - 20 жыл. Санаты -1. «12 жылдық бейінді білім беру» семинары, «Болашақ үшін білім беру» Intel бағдарламасының курсының қатысушысы. 2003 жылы «ХІІІ халықаралық Сәтбаев оқулары» қатысушысы. 2012-2016 жылдар аралығында «Ақ Бота» Республикалық балалар бейнелеу шығармашылығы конкурсына оқушыларды дайындағаны үшін Алғыс хаттардың иегері. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, 2011 жылы өткізілген «Қолдан жасалған жаңа жылдық ойыншық» қалалық сайысына қатысқаны үшін Алғыс хат иеленген. 2014 жылы өткен «Заманауи сабақ - 2014» интернет фестивалінің І орын жүлдегері. 2014 жылы «Ең үздік әдістемелік-дидактикалық құралдар» қалалық сайысында ІІ орын иеленген.

 

акмаганбетов

Ақмағанбетов Нұрлыбек Оразбекұлы - технология және сызу пәндерінің мұғалімі

Білімі жоғары, 2014 жылы «Кәсіптік оқыту» бакалавры «Жалпы техникалық пәндердің оқытушы, еңбек технологиясының және кәсіпкерлік мұғалім» мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын аяқтады. Жұмыс өтілі - 2 жыл. Санаты - жоқ.

Сулейменова Жансая Бауржанкызы – көркем еңбек және сызу пәнінің мұғалімі

Білімі – жоғары. Еңбек өтілімі – 4 жыл. 2014 жылы «Информатика пәнінің бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы бойынша Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжін үздік дипломмен аяқтады. 2018 жылы «Кәсіптік оқыту» бакалавры мамандығы бойынша Павлодар педагогикалық университетін үздік дипломмен аяқтады. 20.08.2014ж – 24.08.2015ж. аралығында Балтасап негізгі мектебінің информатика пәні мұғалімі ретінде жұмыс атқарды.

 

асемгүл

Тасимова Асемгүл Қайыржанқызы - музыка пәнінің мұғалімі

Білімі жоғары, 2004 жылы Павлодар Мемлекеттік университетін «Ән және саз» мамандығы бойынша аяқтаған. Санаты жоғары, еңбек өтілі -12 жыл. 2014 жылы «Ұлағатты ұстаз» оқытушылар сайысының III орын жүлдегері. 2015 жылы «XV халықаралық Сәтбаев оқулары» конференциясының II дәрежелі диплом иегері. 2015жылы «Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік» семинарының қатысушысы. Қазақстан Республикасы Ата Заңының 20 жылдығына орай өткізілген мерекелік іс-шараға белсенді қатысқаны үшін Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хатымен маратталған. 2016 жылы «Ең үздік әдістемелік-дидактикалық құралдар - 2016» қалалық сайысында III орынға ие болған. «Отаным Қазақстан» фестивалінде қатысушыны сапалы дайындағаны үшін Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Алғыс хатымен марапатталған.