Сенім телефоны
8(7182)-21-88-18
email: 37mektep-pvl@mail.ru
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
Бір жылда2918451
Бір айда105051
Бір аптада17524
Кеше1451
Тәулік165
Биология, химия, география мұғалімдері

калиева

Қалиева Күләш Теміржанқызы - биология пәнінің мұғалімі

Білімі жоғары, 2000 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университетін «Биология пәні мұғалі» бойынша бітірген. 2005 жылы Павлодар Университетінің «Биология пәні мұғалі» бойынша магистр дәрежесін иеленген. Санаты – 1. Жұмыс өтілі – 22 жыл. 2013-2014 оқу жылдары -«І.Ж.Әбділдин оқулары» атты Республикалық ғылыми- практикалық конференциясы, 2014-2015 оқу жылдары - «ІІ Б. Ахметов оқулары» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы, 2014-2015 оқу жылдары - «Үздіксіз білім берудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, 2015-2016 оқу жылдары - «ІІІ Б. Ахметов оқулары» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы, 2015-2016 оқу жылдары - «Қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымдары» атты химия, биология және экология пәндерінің Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, 2015-2016 оқу жылдары - «Ақпараттық – комуникациялық білім беруде» атты облыстық конкурс, 2016-2017 оқу жылы - "Биология пәнінен олимпиадаға дайындау мәселелері" семинарының қатысушысы. Жүйелі түрде өзіде, шәкірттеріде Халықаралық, Республикалық, Аймақтық және облыстық ғылыми-практикалық конференцияларына, облыстық жасөспірімдер олимпиадасына қатысып, 2014-2015 оқу жылдары – «Жаратылыстану ғылымдарының калейдоскобы» атты облыстық химия, биология, экология және валеология ғылымдарының біріктірілген конкурсына жүлдегерлерді дайындағаны үшін Алғыс хат, 2014-2015 оқу жылдары - Павлодар Облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Алғыс хат иеленген.

салтанат

Ауталипова Салтанат Жасұланқызы - химия пәнінің мұғалімі

1984 жылы «Биология және химия» мамандығы бойынша Павлодар педагогикалық институтын үздік дипломмен бітірген. Жұмыс өтілі – 32 жыл. Санаты — жоғары. 2014 жылы Назарбаев Зияткерлік мектебі аясындағы Кембридж бағдарламасы бойынша І-ші деңгей бағдарламасы бойынша оқу курсын аяқтады. 2016 жылы жалпы білім беретін мектепте үш тілдік бағдарламаны енгізу мақсатында ағылшын тілін оқу курсынан өтті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДДБҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген мектеп тренерлерін оқыту курсынан өтті. ҰБТ-да жоғары нәтижелер көрсеткен үшін, екі рет «Табыс» кітабына енгізілген. (2006, 2010 ж). «Аймақтық материалды химия сабақтарында қолдану» және «Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар – өзекті құзыреттіліктерді қалыптастырудың бір тәсілі » тақырыптар бойынша қалалық және облыс мұғалімдері арасында өз тәжірибесін жинақтап таратты. «Химия Қазақстан мектебінде» республиқалық журналда (2012, 2014г) жарияланған мақалалардың авторы. Үздік дидактикалық құрал 2014- 2016ж. І-ші орын иегері ретінде, облыстық білім бөлімнің Алғыс хатымен және сертификатын марапатталған. Павлодар Мемлекеттік Университеттің аппеляциялық коммисиясының химия пәнінен тұрақты мүшесі. Жаңа буын оқулықтарын сараптауға бірнеше рет қатысты және ҚР білім және ғылым министрлігі ОЖСБ және ҰБТ тесттерге сараптама жасауға ұйымдастырылған сараптамалық топтың мүшесі. Жалпы білім беретін мектептерде қолдануға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігі ұсынған «Биология пәнінен бақылау жұмыстарының жинағы 6- 11 сынып» құралдардың авторы. 2010 жылы Павлодар облысының білім беру бөлімінің рейтингтік бағалау нәтижесі бойынша Павлодар облысының білім беру басқармасы 2010 жылы кәсіпкерлікті бағалау іс-әрекет рейтингі бойынша «Алтын қор» кітабына «Павлодар облысының 10 ең мықты химия мұғалімі» номинациясы бойынша енгізілген.


Муслимова Рыскул Сайлаубекқызы - география пәнінің мұғалімі

Білімі  жоғары, бірінші санатты,педагогикалық өтілі   12 жыл.   8  сыныптарға арналған «Табиғатты қорғау»,10 сыныптарға «Әлемдік  география» тақырыбында арнаулы курс бағдарламаларын  құрастырушы. 2014 жылы оқушысы Қадыр Алтынай  география  пәнінен облыстық  сырттай оқу мектебінің шағын  олимпиадасында II дәрежелі дипломмен марапатталған.   Халықаралық  ғылыми  практикалық  «Геолого-географическая  составляющая  туристко  краеведческой  деятельности» семинардың  сертификатын иегері.  Халықаралық дистанциондық олимпиадасында «Инфоурок» проектінде  география  пәнінен II дәрежелі диплом Ерсаин  Аяулым,география  пәнінен III дәрежелі диплом Сағындық Аяулым.Ашық  сабақтар сайтында ашық сабақтар  жарияланған. Халықаралық ғылыми практикалық конференция  бағдарламасына «Педагогтың инновациялық қызметің» мақала жарық көрді. Оқушылары Республикалық КИО қашықтық олимпиаданың сертификат иегерлері. 2015 жылы Май  ауданының білім  беру бөлімінің Алғыс хатпен марапатталған.  2016 жылы  «Нұр Отан» партиясы Май аудандық филиалы атынан Алғыс хатымен марапатталды. 2016 жылы   Май аудандық  мәслихатының   Алғыс хатымен марапатталды.

 

Танкибаева Мендыкыз Алшынбайқызы – география пәнінің мұғалімі

Тараз қаласының «Әулие-Ата» университетін «география» пәні бойынша бітірген.Еңбек өтілі 9 жыл, санаты жоқ. 2017 жылы «Ғылым және шығармашылық» атты Аймақтық ғылыми-практикалық конференцияға оқушыларды дайындағаны үшін Инновациялық еуразия университетінің сертификаты берілген. «Ғылым және шығармашылық» атты Аймақтық ғылыми-практикалық конференцияға оқушысы Мақсұтқан Аружан қатысқаны үшін  III-дәрежелі диплом берілді.

Секенова Балжан Балкеновна- биология пәнінің мұғалімі

Білімі жоғары, 2008 жылы Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтын «Биология пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Санаты – 1. Жұмыс өтілі – 10 жыл. Павлодар қаласының №37 жалпы орта білім беру мектебінде қыркүйек айынан бастап еңбек етеді. 2017 жылы «Ғылым және шығармашылық» атты Аймақтық ғылыми-практикалық конференцияға оқушыларды дайындағаны үшін Инновациялық еуразия университетінің сертификаты берілген. «Үздік әдістемелік құрал» аймақтық ішей сайысына қатысқаны үшін диплом (қараша, 2017ж) берілді.  «Үздік сабақ» аймақтық іштей сайысына қатысқаны үшін диплом (қаңтар, 2018ж) берілді.

Султангазина Галия Бекеновна – биология  пәнінің мұғалімі.

Білімі жоғары, 2006 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының химия және биология  мамандығын аяқтады.Жұмыс өтілі – 12 жыл. 2016 «Нұрлы болашақ» олимпиадалар өткізу орталығының алғыс хатымен марапатталған. «Студенттік ғылым күндері» шеңберінде өткізілген ғылыми конференциясында I дәрежелі диплом берілген.  «Білім берудің инновациялық әдістері мен технологиялары» атты II Республикалық оқытушылар сайысы I – орынға ие болған . «Табиғат білгірлері» қалалалық турнирі жүлдегерлерін дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталған. «Мектеп-жоғары оқу орны » аясында өткізілген аймақтық «Ағарту сабағы» шығармашылық сайысы II дәрежелі диплом берілді.