Сенім телефоны
8(7182)-21-88-18
email: 37mektep-pvl@mail.ru
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
Бір жылда2803676
Бір айда218321
Бір аптада61417
Кеше4802
Тәулік3265
Математика, информатика, физика мұғалімдері

 

қангелдиева

Қангелдиева Қарлыға Қабиқызы - математика пәнінің мұғалімі

Білімі жоғары, 1981 жылы Павлодар Педагогикалық Институтының физика-математика факультетінің «Математика мұғалімі» бойынша аяқтады. Санаты жоғары. Еңбек өтілі -35 жыл. ҰБТ-ден жоғары нәтиже көрсеткен үшін Мадақтама және Алғыс хаттарымен марапатталған. Әдістемелік көмек көрсеткен үшін аудан мұғалімдеріне, оқушыларды ҰБТ-ке дайындау үшін, облыстық иновациялық орталықтан грамотамен марапатталған. «Жоғары педагогикалық мектепте иновациялық білім беру ортасын институциоландыру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциядан сертификат иегері. Жас ғалымдар,магистранттар,студенттер мен мектеп оқушыларының «XVI Сәтбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференциясына жоғары нәтижеге қол жеткізген үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған. «Білім беру және оқыту сапасын бағалау» атты 34 сағаттық Халықаралық ғылыми- әдістемелік семинарда білім алғаны үшін сертификаттың иегері. «Студенттік ғылым күндері»шеңберінде өткізілген «Жаңа қоғамдағы жастардың әлеуметі: білім және ғылым сапасы» атты ХІІ институт ішілік студенттер ғылыми конференциясының «ҒЫЛЫМҒА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломның иегері. «Математика пәнінен ұлттық біріңғай тестке дайындалуға арналған тақырыптық үлгі есептер жинағы» оқу әдістемелік құралды шығарған. «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Акционерлік қоғамының филиалы «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан» Алғыс хатымен марапатталған. 2016 жылы қарашада ұйымдастырылған Облыстық кешенді олимпиададан шәкірттері 5 сынып оқушылары Канапин Асылбек және Әубәкір Нұрасыл 3 орын иегерлері дипломын иеленді.

Молдагельдинова

Молдагелдинова Салтанат Оралбайқызы - математика пәнінің мұғалімі

Білімі жоғары, 1987 жылы ППИ физика-математика факультетінің математика мұғалімі бойынша аяқтады. Санаты бірінші,еңбек өтілі -29 жыл. ҰБТ-ден жоғары нәтиже көрсеткен үшін грамота мен алғыс хаттарымен марапатталған. «Жоғары педагогикалық мектепте иновациялық білім беру ортасын институциоландыру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциядан сертификат иегері. Жас ғалымдар,магистранттар,студенттер мен мектеп оқушыларының «XVI Сәтбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференциясына жоғары нәтижеге қол жеткізген үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған. «Білім беру және оқыту сапасын бағалау» атты 34 сағаттық Халықаралық ғылыми - әдістемелік семинарда білім алғаны үшін сертификаттың иегері. «Студенттік ғылым күндері»шеңберінде өткізілген «Жаңа қоғамдағы жастардың әлеуметі: білім және ғылым сапасы» атты ХІІ институт ішілік студенттер ғылыми конференциясының «ҒЫЛЫМҒА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломның иегері. «Математика пәнінен ұлттық біріңғай тестке дайындалуға арналған тақырыптық үлгі есептер жинағы» оқу әдістемелік құралды шығарған. Мектеп түлектері «2016 жылғы Ұлттық біріңғай тестілеуде» жоғары нәтиже көрсеткені үшін Павлодар қаласының білім беру бөлімнің мадақтамасының иегері. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығының» сертификаттың иегері.

аментаева

Әментаева Гүлбаршын Қабдылбәриқызы - физика пәнінің мұғалімі

№37 жалпы орта білім беру мектебінің физика және информатика пәнінің мұғалімі. Білім жоғары, 1995 жылы Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтын «Физика» мамандығы бойынша аяқтады. Санаты жоғары, еңбек өтілі - 21 жыл. Кембридж униврситетінің үшінші деңгейлі сертификат иегері. 2016 жылы Павлодар облысының білім беру басқармасының "Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін АЛҒЫС ХАТЫНЫҢ" иегері. 2016 жылы ұлттық бірінғай тестілеуге қала мектептерінің түлектерін сапалы дайындағаны үшін ТАБЫС кітабына енді. Оқушысы: Жумабеков Елдос - 11 «А» сынып оқушысы «Инфоматрикс» халықаралық ғылыми жобасының лауряты, қалалық және облыстық ғылыми жобалар сайысының 3-орын жүлдегері.

жананұр

Шәймұратқызы Жаңанұр – математика пәнінің мұғалімі

Білімі жоғары, 2014 жылы «Информатика және математика» бакалавры мамандығы бойынша Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтын аяқтады. Жұмыс өтілі – 2 жыл. Санаты жоқ.

саханова

Саханова Мәдина Әлиханқызы - информатика және ақпараттық технологиялар мұғалімі

Білімі жоғары, 2012 жылы «Информатика» бакалавры мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын аяқтады. Жұмыс өтілі – 4 жыл, санатсыз. 2014 жылы «Оқыту нәтижелері: жоспарлау, жетістік, өлшеу» Республикалық семинарында сертификатын, «Туған өлкені тану-ғылымға жетейлейтін жол» атты аймақты ғылыми-практикалық конференция сертификатын, «ActivInspire БҚ интерактивті құралдардың мүмкіндіктерін оқу процесінде пайдалану» сертификатын, «2007 Microsoft Office кеңейтілген мүмкіндіктерін қолдану» сетификатын иеленген. Облыстық жас таланттар арасындағы «Жас толқын» шығармашылық байқауына қатысушыны дайындаған үшін ПМПИ ректорынан Алғыс хатымен марапатталған. 2015 жылы ҚР Президентінің сайлауында белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы, «Ұстаздар туралы ең үздік өлең шығарма» конкурсының дипломы, 2016 жылы ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауында «Нұр Отан» партиясының Төрағасынан алғыс хаты, «Жаңа қоғамдағы жастарды әлеуеті білім және ғылым сапасы» атты ғылыми конференциясының ІІ дәрежелі дипломын, «ХVІ Сәтбаев оқулары» халықаралақ ғылыми конференциясының ІІ дәрежелі дипломын, «Білім беру және оқыту сапасын бағалау» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарынан сертификатын иеленуші.

саметова

Сәметова Зарина Төлегенқызы - информатика және ақпараттық технологиялар мұғалімі

Білімі жоғары. 2010 жылы Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтының информатика факультетін информатика бакалавры мамандығы бойынша бітірген. Санаты - 2. Еңбек өтілі - 9 жыл. V Капенов оқуларының қатысушысы.

 

айдана

Жүсіпова Айдана Болатқызы - физика пәнінің мұғалімі

Білімі жоғары, 2015 жылы Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтын «Физика» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек өтілі – 1,5 жыл. Санаты жоқ.