Ит пен мысық және құстар біздің досымыз
Қала әкімі Асайын Қуандықұлы Байхановтың ұсынысы аясында «Барлық жанды тіршілік- табиғат пен жер-ана перзенті», "Ит пен мысық және құстар біздің досымыз" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты - балалардың бойында жануарларға деген сүйіспеншілікті ояту, оларды қорғау, табиғат жаратылысына ұқыпты қарау. Осы шеңберде 6 "б"- сыныбының оқушылары Сембай Нұрайым, Мақсұт Әйгерім, Сейфулла Бекзат көшедегі үйсіз жануарларды (мысықтарды) тамақтандырып, қамқорлықтарын аямады. Мұндай істердің арқасында жануарлар да қор болмайды әрі баланың мінез-құлығы да өзгеріп, айналаға мейірімдері оянады. Жануарларға жәбірлік көрсетпей, тірі табиғатты аялауды, қорғауды, сақтауды өзімізден бастайық! Балаларымыздың бойына соны дарытайық!