Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
2021 жылдың 22 қыркүйек күні Оқушылар сарайында ақынның 110-жылдығына арналған «Өмірін өрген өлеңмен» атты поэзия кеші өтті.
22-09-2021 21:37
2021 жылдың 22 қыркүйек күні Оқушылар сарайында ақынның 110-жылдығына арналған «Өмірін өрген өлеңмен» атты поэзия кеші өтті.

2021 жылдың 22 қыркүйек күні Оқушылар сарайында ақынның 110-жылдығына арналған «Өмірін өрген өлеңмен» атты поэзия кеші өтті. Іс-шараны ұйымдастырған «Қаламгер» баспасөз-орталығының тілшілері және олардың жетекшілері Әсем Аипова.
Жаңа оқу жылында аталмыш іс-шара аралас форматта өткен болатын. Жас тілшілер поэзия кешін өздері өткізсе, Баянауыл, Аққулы аудандарының және Павлодар қаласының № 2, 22, 25, 37 ЖОББМ және Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназиясының оқушылары ZOOM платформасына байланысқа шықты.
Поэзия кешінің құрметті қонақтары Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Найзатас» журналының жауапты хатшысы, павлодарлық жас ақын Айбек Оралхан және Сүлеймен Баязитов атындағы балалар оқу орталығының кітапханашысы Әсем Асқарова болды.
Іс-шара Қасым Аманжоловтың өмірі жайлы деректі фильмнен басталды. Балалар бейнефильмнен ақынның өмірі және балалық шағынан қызықты фактілерді білді.
Айбек Оралханның танымдық әңгімесінен оқушылар Қасым Аманжолов жайлы қызықты деректерге қанық болды. Сонымен қатар Айбек ақынның өлеңдерін оқып берді.
Балалар оқу орталығының кітапханашысы Әсем Асқарова Қасым Аманжоловқа арналған кітап көрмесіне тоқталып, оқушыларды кітапханаға шақырды.
Кеш соныңда «Қаламгер» тілшілері ақынның өлеңдерін жатқа айтты. «Қаламгер» тілшісі Азиза Исламбек «Әлди, әлди әлпешім» өленің оқыды.
Камила Бейсембай «Алатау», Фариза Иманғали мен Алтынгуль Сабыр «Туған жер», Даяна Куламбаева «Сәбитке» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
- Қасым Аманжолов туған халқына асыл мұра, туған әдебиетіне - жарқын да шабытты поэзия қалдырды, - деді Айбек Оралхан.
- Қасым Аманжолов талантты ақын, өз шығармашылығымен қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан нағыз сөз шебері. Біз балаларды ақынның шығармашылық мұрасымен таныстыруымыз керек, - деді іс-шара ұйымдастырушысы Әсем Аипова.