«Тәуелсіздік тарландары» атты ашық шара өтті.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында мектебімізде 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік тарландары» атты ашық шара өтті. Шара қонағы С.Торайғыров атындағы университетінің аға оқытушысы заң ғылымының магистірі, Қарлығаш Темирболатовна болды. Шара барысында тұңғыш Елбасының салиқалы саясатының арқасында еліміздің саяси- экономикалық жетістіктері айтылып, еліміздің белгілі тұлғалары жайлы сөз қозғалды. XX-XXI ғасырлардағы саясат, экономика, ғылым саласына үлесін қосқан тұлғалар жайлы айтылды. Шараны ұйымдастырған тарих пәні мұғалімі Касымжанова Алия Егинбаевна.