![](/media/img/blogs/6213832a6ecce.jpeg)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Осыған орай 03.02.2022 жылы мектеп кітапханашысы Сәуле Қажыбекқызының бастамасымен 4 "В" сынып оқушылары "Кітапханаға жазыламын" акциясына қатысты. Кітапханашы оқушыларға «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге асып жатқанын айтып, яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енгенін көрсетіп, біршама кітаптармен таныстырды. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды. «Оқу мәдениеті - өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы» деген түйін сөз бекер емес. Осы мақсатта сынып жетекшісі Сейтахметова Гульстан Айтбайқызы "Көркем оқу" үйірмесінде оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру жайлы атап өтті.