Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» арнасына елімізде орын алған соңғы оқиғаларға қатысты сұхбат берді.
18-02-2022 18:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» арнасына елімізде орын алған соңғы оқиғаларға қатысты сұхбат берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» арнасына елімізде орын алған соңғы оқиғаларға қатысты сұхбат берді. Мемлекет басшысы онда бірқатар өзекті мәсеелерді сөз етті. Ендігі біздің міндет мемлекет басшысының берген сұхбатындағы тың ақпараттарды өз ойымызда қорытып, әрі қарай кім қай салада, не істеу керек екенін білу.
«Біз қоғамда еңбекқорлық идеясын орнықтыруымыз керек. Турасын айтайық, бұл қазір ең өзекті мәселе болып тұр. Азаматтарымыз адал еңбекпен табыс табуды ең басты орынға қоюы қажет. Бақуатты ел болу биліктің жұмысына ғана емес, ол, ең алдымен, әрбір азаматтың еңбегіне байланысты", - деді мемлекет басшысы сұхбатында. Мысалы, біз білім саласының қызметкерлері болашақ жастардың дұрыс тәрбие алуына, жан-жақты білімді болып қалыптасуына ықпал етуіміз керек. Бұл нені білдіреді, демек ол үшін мұғалімнің өзі мықты маман, үлгілі ұстаз болу керек. Ұстаздың үлкен жемісі ол- мақтаулы шәкірт қана. Мейлі біреу білім жағынан, біреу өнер жағынан, тағы біреу басқа қырынан болсын, өзінің қабылет-қарымынмен шыңдарды бағындаратын шәкірттерді тәрбиелеу басты міндет. Мұғалім күнделікті өз жоспарындағы жұмысын істеп қана қоймай, алдында отырған оқушының бойындағы қабілетін танып, оның әрі қарай жетілуіне жағдай жасауы керек. Ондай мұғалім, әрине, ізденімпаз, руханиятқа жақын, әдебиетті түсінетін мамандардан шығады.
Ел басшысы әр сөзінде еліміздің болашағы – білім, ғылым, жаңа технология салаларында екенін баса айтты. Ұстаз ретінде мен өз жұмысымның жауапкершілігін түсініп, жұмысты күшейтіп,тәрбиеге көбірек назар аудару керек екенін түсінемін.
Мемлекет басшысының әр сөзі салмақты, тұщымды болды. Қандай жағдай болмасын, парасатты шешім елімізді​ алға қарай жетелейді деп ойлаймын. Мемлекет басшымыздың білім беру саласы аймағында алдыға қойған тың тапсырмаларын орындауға күшіміз бірлікте дегім келеді.