Павлодар қаласының М.Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде Қазақстандағы балалар жылына орайластырылып өткізілген "Балалар-ел болашағы" атты облыстық дебат турнирі өтті.
19.02.2022 жылы Павлодар қаласының М.Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде Қазақстандағы балалар жылына орайластырылып өткізілген "Балалар-ел болашағы" атты облыстық дебат турнирі өтті. Додаға мектебімізден "Тарлан" және " Тұмар" фракциялары қатысып жақсы нәтиже көрсете білді. Дебат ойыны тартысты және қызықты өтті. Қала және облыс мектептерінен келген жалпы 28 фракция қатысты. Мектебіздің "Тұмар" командасы lll-орынға ие болды (Токташева Көркем, Саметова Жансая 8 сынып), "Тарлан" командасы " Алғыс хат" иеленді ( Қойшыбай Айша 10 сынып, Әубәкір Санжар 9 сынып). Құттықтаймыз! Алар асуларын көп болсын!