«Жемқорлық деген не?» атты тәрбие сағаты
4-сыныптар арасында «Жемқорлық деген не?» атты тәрбие сағаты өтті. Бұл тәрбие сағатының басты мақсаты оқушыларды “жемқорлық” деген ұғыммен таныстыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік беру, дүниетанымдарын кеңейту. Оқушылар тәрбие сағатында топпен «Миға шабуыл» әдісімен , жеке түрлі жағдаяттарды талдап, өз көзқарастарын білдірді . Бұл іс-шара оқушыларды қоғамға жауапкершілікпен қарап, мемлекет белгілеген заңдарды ұстануға, өз құқығын қорғауға, әділдікке тәрбиелейді.