Ұлттық ойындар сайыстары
Мектебімізде дене шынықтыру пәні мұғалімдері Әбжатов Қайырболат Айтқалиұлы және Нұрашева Жанар Бөлегенқызының ұйымдастыруымен оқушылардың қысқы демалыстары кезінде қазақтың ұлттық ойындары бойынша сайыстар өткізілді.
Арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ ұлттық ойындарын ұйымдастырушыларының мақсаты – қазақтың ұлттық ойындарымен салауатты өмір салтын насихаттау.
Ұлттық ойындарымызды қызықты өткізу оқушыларды сергітіп қана қоймай, сонымен қатар, олардың ұлттық мұраға деген аса қызығушылық танытуын оятады.