«Жеке тұлғаға бағытталған» технология бойынша қала деңгейінде семинар өтті
№ 37 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бақытгүл Толеуханқызы «Жеке тұлғаға бағытталған» технология бойынша қалалық жаттықтырушысы ретінде қала деңгейінде семинар өткізді. Семинарға қалалық білім беру басқармасынан Азанбаева Нұргүл Шалабайқызы және №2, №5, №6, №7, №17, №19, №21, №26, №28, №29, №34, №39 жалы орта білім беру мектептерінің ұстаздары қатысты. Семинардың мақсаты «Жеке тұлғаға бағытталған» технологиясының тиімді тұстарымен бөлісіп, тәжірибе алмасу болатын. Алдымен Нұргүл Шалабайқызы аталмыш семинардың мақсат, міндеттеріне тоқталып, кейін Бақытгүл Төлеуханқызы технологияның теориясына тоқталып, оны жеті модульмен байланыстырып құрастырған сабақтарын көрсетіп, шығармашылық шеберханасымен және өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Қала ұстаздары өткізілген семинар мен көрсетілген ашық сабақтардан өздеріне қажетті мәліметтер мен ақпараттар алғандары үшін алғыс білдіріп, аталған технологияны алдағы уақытта жұмыс барысында қолдануға тырысатындықтарын айтты. Семинар қатысушылары осы технология бойынша шығармашылық топ құрылып, әр айда шығармашылық топ отырысын өткізіп, маңызды мәселелерді талқылайтындығы келісілді.