Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы
22-12-2016 02:21
«Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы

«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Жанар Камалқызы Әбделдинованың жетекшілігімен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, мінездерінде қиындығы бар балаларға риясыз сүйіспеншілікпен көмек қолын созу мақсатында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шара Осипенко көшесі, 13 мекенжайында орналасқан «Жетім балалар» үйінде өткізілді. Аталмыш шараның басты мақсаты - жетім балаларға рухани тұрғыда үздіксіз көмек көрсету, оларға ақ тілектер, қолдан жасалған бұйымдарды сыйға тарту арқылы мектеп оқушыларының қамқорлық пен қайырымдылық сезімдерін ояту арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу болатын. Бұл менің және менің оқушыларымның бойындағы ең маңызды қадамдардың бірі деп есептеймін. Бұл іс-шараны өткізген кезде, оқушыларымның бойынан қуаныш сезімдері өте қатты байқалды. Олар өздерінің ата-аналарынан да қолдау тапты. Кейбір ата-аналар телефон арқылы хабарласып, осындай шара ұйымдастырғаныма рахметтерін де айтты. Менің оқушыларымның алған әсерлері тек қана жағымды болды: Жумабекова Айдана: мұғалім сізге рахмет, осы шара арқылы мен өзімді біреуге қамқор бола алатыныма көзім жетті; Сембина Рашида: мен үшін бұл шараға қатысу маңызды болды, анам да мені барынша қолдады, өте қауаныштымын.

психолог акциясы Іс-шараға қатысқан жетім балалар үйінің тәрбиешілері мен оқушылары да ауызша алғыстарын айтып жатты. Ел жанашыры Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым деген бала қайдан шықсын?!» деп айтқандай, менің басты мақсатым өзімнің оқушыларымның бойында біреуге қамқор болу, дұрыс әрекет жасау арқылы сүйіспеншілік сезімдерін ояту болатын. Менің оқушыларыма бұл игі іс өте қатты әсер етті. Сол себептен алда мектеп бойынша қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастыру жоспарда тұр. Мен осындай шараларды ұйымдастыруда енді қорықпаймын, себебі менің оқушыларымның әрқашанда мені қолдайтынына өз көзім анық жетті. Менің оқушыларымның бойында ізгілік қасиеттерінің бар екендігін осындай шаралар арқылы байқау мен үшін үлкен қуаныш!