«Көңілді тапқырлар»
Мектебімізде 9 сыныптар арасында физика пәнінен мектептен тыс «Көңілді тапқырлар» физика - математикалық сайысы өткізілді. Сабақтан тыс шара өткізудің мақсаты: оқушының ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, бірлесе еңбек ете білу және ойлау мен жылдам есептеуде білімін жетілдіру болып табылады. Сайыс төмендегідей алты кезеңнен құралды:
- Жұмбақтар сайысы.
- Қапы қалма.
- Дебат.
- Қателеспе.
- Баланың есебі «Ойлаң да көмектес».
- Тоқтама.