Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
Адрес: ул.Ворушина, 6/2
662408, 662407
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Четверг с 15:00 до 18:00 часов
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Тәуелсіздікке 25 жыл!
15-12-2016 07:10
Тәуелсіздікке 25 жыл!

2016 жылдың 15 желтоқсанында Павлодар қаласының № 37 жалпы орта білім беру мектебінде елдігіміздің, егемендігіміздің нышаны болар Тәуелсіздік күні тойланды. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманына, Тәуелсіздік таңына қол жеткізгенімізге – 25 жыл!

Мерейі биік бұл мереке мектеп шаңырағында жоғары деңгейде аталып өтті. Мерекеміздің басы мектеп басшысы Ләйлә Бажқызы Жүсіпованың құттықтау сөзімен ашылды. Тәуелсіздікке - 25 жыл мерекесіне орай, бірқатар ұстаздар мен мектеп ұжымының қызметкерлеріне қалалық білім бөлімінің атынан алғыс жарияланып, мадақтамалар табысталды. Мектеп оқушылары әсем биімен, шарықтаған әнін арнап, күмбірлеген күйін төгіп мерекені асқан шығармашылықтарымен өткізді.

Бабадан ұрпаққа аманат болған ұлан байтақ қазақ жері мен елінің қысқаша тарихы бейнеленген сюжет тамашаланды. Желтоқсанның ызғарын сездірген 86-жылдарды еске салар қойылым көрсетілді. Отанды ұлықтаған, азаматтарын отан сүйгіштікке шақырған әуезді де, әсерлі тамаша әндер шырқалды.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік! Баршамызға мереке құтты болсын!