«Көңілді сөре»
Желтоқсан айының 13-15 аралығында №37 жалпы орта білім беру мектебінде дене шыңықтыру ұжымының ұйымдастыруымен жоспар бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында «Көңілді сөре» спорттық жарыс өткізілді. Жарыс «Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада-2017» шарасы аясында салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау мақсатында жүзеге асырылды.Жарыс кезінде оқушылар қызығушылықпен қатысты. Оқушылар доппен және гимнастикалық таяқшалар, шеңберді пайдалана отыра, түрлі ойын жарыстарынан өтті. Нәтижесінде мектебіміздің 5 «А» сынып оқушылары 1 жүлделі орынға ие болды.
Жарыстың қысқы кезде балалар денсаулығын шымыр етумен қатар, дене шынықтыру пәніне деген қызығушылық, салауатты өмір салтын ұстануға бастау мен қоғамдық шараларға белсене қатысуға үндеу.