«Қазақ елі - мәңгілік ел»
Сабақ барысында желтоқсан оқиғасының құрбандары туралы бейне көрініс көрсетіліп, Тәуелсіздік оңайлықпен келмегендігі туралы айтылды. Одан кейін еліміз Егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу жасалды. Еліміз - Қазақстан, алғаш Президентіміз – Н.Ә. Назарбаев, рәміздер, Астана, Ата Заң, теңге туралы жазылған ақындардың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқудан балалар үлкен тебірентер әсер алды. Сынып жетекшісі оқушыларға азат елдің білікті, білімді, жігерлі, азаматтары болуына тілек білдірді.
