Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қолөнер» үйірмесінде ою-өрнекпен безендірілген бұйымдар.
10-12-2016 04:30
«Қолөнер» үйірмесінде ою-өрнекпен безендірілген бұйымдар.

img-20161210-wa0016 img-20161210-wa0017 img-20161210-wa0018

«Қолөнер» үйірмесінде ою-өрнекпен безендірілген бұйымдар.

Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, табиғи ерекшеліктеріне байланысты өзіндік өзгермес ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім-кешектерді, бас киімдерді әшекейлеп, сәндеуде көп қолданып жүр. Оның орындалу технологиясына да ерекше өзгерістер енгізіліп отыр. Мысалы; ою-өрнекпен әшекейлеген бұйымды қатырмамен жапсыру, түрлі-түсті тастармен безендіру жиі кездеседі. Сонымен қатар бөлмелерді безендірудегі тағы бір маңызды элемент – жастықтар. Жастықтар бөлмеге нақты түс және сән береді.

Қазіргі уақытта жастық тұрмысымызды әдемілеу үшін зор қызмет атқарып отыр. Шығармашылық қабілеті шексіз шеберлер халыққа алуан түрлі, әр көлемдегі жастықтарды ұсынуда.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға құрақтың тарихынан, оның түрлерінен және қолданылуынан мағлұмат беру. Құрақ құрау саласын оқушыларға меңгерту.Ұмытыла бастаған халық өнерін жандандыру.

Білімділік: оқушыларға өнер және қолөнер туралы білім беру. Қолөнердің бір саласы құрақ құрау туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Қолөнер бұйымын жасап шығару.

Дамытушылық: теориялық білімдерініс жүзінде шығармашылықпен дамыту, құрақ құрау туралы алған білімдерін, дағдыларын нығайту. Бұйымды жаңа дизайн үлгіде көрсету.

Тәрбиелік: ұлттық өнерге деген қызығушылығын, эстетикалық сезімін арттырып, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу.

Халқымыздың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасы бар.

  • Тіл өнері
  • Саз өнері
  • Қол өнері
  • Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу құрастыру сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз.

Солардың ішінде ертеден келе жатқан өнер, апаларымыз тігетін құрақ құраудың да өзінідік тарихы бар.

Қыз ұзату, келін түсіру тойларында құдағилар бір-біріне құрақтан әдемі ою-өрнек салынған әсем қоржындармен сый-сыяпат апаратын болған. Әр уйде құрақтан жасалған бұйымдардың болуы – отбасының ұлт жандығын ғана танытып қоймайды. Бұл қазақ қолөнерінің ежелгі түрінің қайтадан жаңғырып, қазіргі заман талабына сай жарасым тауып отырғанын көрсетеді. Құрақтан жасалған бұйымдардың көбеюі шетелдіктерге біздің еліміздің қолөнерінің қаншалықты дамығанын паш етіп, қазақты әлем халықтарына кеңінен танытуға жарқын жол ашты.