Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
Адрес: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
СӨЗ ӨНЕРІНЕН ДАМЫТУ САБАҒЫ
06-12-2016 01:45
СӨЗ ӨНЕРІНЕН ДАМЫТУ САБАҒЫ

1 Күні кеше 4 "А"- сыныбында Қалдыгүл Манашқызы Абдуллаеваның ұйымдастыруымен сөз өнерінен дамыту сабағы өтті. Тақырыбы: Ы.Алтынсариннің "Бай мен жарлы баласы" атты әңгімесі. Мақсаты: әңгіме жанрын оқыта отыра оқушыларды өзіндік талдау жасауға, ойын анық жеткізе білуге төселдіру және әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу арқылы адамгершілік пен адал еңбекке, шынайы достыққа тәрбиелеу. Сабақтың ұранымен басталған сабақта үй тапсырмасы "сұрақ-жауап" әдісі арқылы тексерілді. Оқушылар өз дайындықтарын көрсетті. Сұраққа жауап берген оқушылар тиісті бағаларын алды. Жаңа сабақ барысында оқушылар түс таңдау арқылы топқа бөлініп, топтық жұмыстар орындады. "Кіріспе" тобы жасыл, "Негізгі ой" тобы қызыл сары, "Қорытынды" тобы қызыл, "Толықтыру" тобы сары түсті таңдады. Дайындыққа 10 минут уақыт берілді. Топ ішінде хатшы, баяндаушы тағайындалды.

3Топ мүшелері мәтін бөліктерін әңгімелеуді ретімен бастады. "Толықтыру" тобы әрбір топтан кейін сөз алып, толықтырып отырды. Оқушылар пікір таластырып, бір-біріне қарсы сұрақтар қойды. 4 Келесі кезеңде "Екі жақты жазба күнделігі" стратегиясы бойынша берілген кестелерді толтырып, топ мүшелері өз жұмыстарын қорғады. Топтың неғұрам нақты берген жауаптары анықталып, жоғары бағаланды. 5 Сабақ соңында оқушылар алған әсерлерін табыс ағашын көріктендіру арқылы білдірді. Үйге әңгіме мазмұнын ашатын мақал-мәтелдер жазып келу тапсырылды.