Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Географиялық шолу
02-12-2016 03:06
Географиялық шолу
Кез-келген адамның мәдениеті ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгі заманауи дамыған ғасырда оқу үрдісінде ойын алдыңғы қатарда болуы тиіс, себебі ойын технологиясын қолдану арқылы баланың оқуға деген ынтасын, қызығушылығын арттыру оңай болмақ. Соған сәйкес, мектебіміздің 7 «г» сыныбында география пәні сабағын Бекмухамбетов Сабыржан Думанұлы ойын үлгісінің технологиясы ретінде өткізді. Сабақ «Африканың аймақтарына шолу» тақырыбында өткізілді. Мақсаты: Африка материгінің елдерін танып білу, оларды ажырата білу, сипаттай алу мақсатында оқушыларды жан-жақты жетілдіру және оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

%d0%b3%d0%b5%d0%be%d0%b3%d1%80%d0%b0%d1%84%d0%b8%d1%8f-1

Оқушылар төрт топқа бөлінді: I топ – Оңтүстік Африка, II топ – Батыс Африка, III топ – Шығыс Африка, IV топ – Солтүстік Африка. Оқушылар тақтаға шығып, топтың атына сәйкес өз аймақтарындағы елдердің атауын жылдам жазып, оны ауызша сипаттап өтті. Бұл ойынның қызықтығы: тақтаға жазылған ел қай әріптен аяқталса, келесі елдің атауы сол әріптен басталуы тиіс. Мысалға, БенинНигерия, т.с.с. ойын аяқталғаннан кейін, оқушылар таппаған елдерді карта және атластың көмегімен тауып, оларды толықтырып қатемен жұмыс жасады.

%d0%b3%d0%b5%d0%be%d0%b3%d1%80%d0%b0%d1%84%d0%b8%d1%8f3

Сабақты ойын технологиясы арқылы өткізу нәтижесінде, әр оқушы өз пікірін айта білді, берілген тапсырманы жылдам орындап, ойлау, талдау, жинақтау қабілеттері дамыды және оқушылар бір-біріне көмек көрсетіп, біріге отырып бір ортақ нәтижеге жетуге тәрбиеленді.