Мақсаты:
Мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты және патриотты қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Көрсетілген мақсатты іске асыру үшін келесі міндеттер қойылады:
1) рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру;
2) оқушылардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру;
3) оқушылардың саяси-құқықтық білімін қалыптастыру;
4) оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру.
- Кешенді іс-шаралар өткізу үшін келесі тәрбиелеу түрлері қолданылады:
1) адамгершілік тәрбиелеу моральдық-этикалық қағидаларын қалыптастыруға, әр оқушының сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған;
2) әлеуметтік-құқықтық тәрбиелеу азамат және мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың мәні туралы түсінік алуға, құқықтар мен міндеттер туралы білім алуға, құқықтық нормаларды сақтау қажеттілігіне көз жеткізуге, сыбайлас-жемқорлық қоғамдық қауіпін түсінуге бағытталған;
3) эстетикалық тәрбиелеу оқушылардың эстетикалық талғамын және қоршаған ақиқатқа мейірімді және патриоттық көзқарасын тәрбиелеуге жәрдемдесетін оқушылардың өнер, әдебиет туындыларының көркемдігін түсінуін дамытуға бағытталған.
Түрі: Дөңгелек үстел дөңгелек үстелдің барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Әңгіме сұхбат (Бір парақ қағазға Адам құқығы тақырыбына топтағы әр оқушы бір сөйлемнен жазады.) 3). Жемқорлық дегеніміз не? Түсінік қалыптастыру Баяндама жасау.
4) 1998 жылғы 2 шiлдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы