«АҚ ШАҒАЛА» АТТЫ МЕГА ФЕСТИВАЛЬ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25-ЖЫЛДЫҒЫН МЕРЕКЕЛЕУ ШЕҢБЕРІНДЕ ӨТКІЗІЛДІ
2016 жылдың 15-ші қараша күні Павлодар қаласындағы «Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығының» ұйымдастыруымен «Ақ шағала» атты мега фестиваль «Шаш өру» жанрында болды.
Байқаудың мақсаты: Ежелден келе жатқан салт-дәстүрімізді сақтай білу. Өнерге деген шамасы бар, қабілеті бар баланың таланттарын ашу және айқындау.
Байқау Павлодар облысының мектептері арасында өткізілді. №37-ші мектебіміздің атынан 9 «Б сынып оқушысы Диана Жұмажанова қатысты. Әділ қазылар ең бірінші қатысушылардың ісіне деген мұқияттылығына, ұқыптылығына мән берді.
Әділ қазылардың шешімі бойынша Диана Жұмажанова «Ерекше шаш бұрымы» номинациясымен марапатталды.
Аға тәлімгер
Баязитова А.Б