Мектептен тыс іс-шара "Информатика әлеміне саяхат"
Ойын-толқын , айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Білім алушылары арасында «Информатика әлеміне саяхат» атты Информатикалық - интеллектуалды ойын өткізілді. Ойын келесі кезеңдерден тұрды: 1 кезең - Өзім туралы, 2 кезең - Бәйге, 3 кезең - Полиглот, 4 кезең - Құпия алаң, 5. кезең - Тапқырлық, 6 кезең - Бейне сұрақ. Оқушылар өз тапқырлығы мен информатика сабағында алынған білімдерін көрсете білді.