Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қамқоршы күні ерекше аталып өтті!
31-10-2016 12:49
Қамқоршы күні ерекше аталып өтті!

Мемлекетімізде жыл сайын 29 қазанда ұйымдастырылатын, Республикалық "Балаларға жылу сыйла" атты акция аясында Павлодар қаласының № 37 мектебінде қамқоршы күні ерекше аталып өтті.

2016 жылдың 28 қазанында мектеп ұжымы бірлесе отырып, дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бұл шараға А.Б.Каримова, мектеп психологі Назгүл Бейсенбайқызы Идырысова, директордың орынбасары Гүлмира Бахитовна Абдимбетова, әлеуметтік педагог Аблаевна Катия Аблаева ерекше атсалысты.

Шара мектеп директорының орынбасары Г.Б.Абдимбетованың қамқоршыларды құттықтап, бала тәрбиесіндегі ерен еңбектеріне алғыс білдіруімен басталды.

Әлеуметтік педагог А.К.Аблаева қараусыз қалған балалардың жауапкершілігін өз мойындарына алып, оларға ыстық ықыласы мен жүрек жылуын сыйлаған қамқоршылардың еңбегін ерекше бағалайтынын атап өтті. Сонымен бірге, мектептің де ол балаларға қолынан келгенінше қамқорлық жасайтынына сенім білдірді.

Мектеп психологі Н.Б.Идырысова қамқоршыларға әлеуметтік, құқықтық, психологиялық тұрғыдан кеңестер берді.

Шара соңында Г.Б.Абдимбетова қамқоршыларға алғыс хаттар табыс етті.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Қ.М.Абдуллаева