1 қазанда № 37 жалпы орта мектебінде Өзін- өзі басқару күні өткізілді. Бұл - кең таралған кәсіби мерекелердің бірі. Бұл күні ұстаздар шәкірттерінің зор алғысына бөленіп, игі тілектерін қабыл алды. Дәстүр бойынша бұл күні жоғары сынып оқушылары Өзін- өзі басқару күнін ұйымдастырып өткізді.
10 және 11-сынып оқушылары ұстаздарымен бір күнге ауысып, мұғалімдердің өміріне басқа жақтан қарады. Ұстаздық жол ауыр екенін түсінді.Оқушылар мектеп директоры, оқу ісінің орынбасарлары, мектеп инспекторы, психологтардың, пән мұғалімдерінің міндеттерін атқарып, сол кезде туындаған қиын мәселелерді бірден шапшаң әрі дұрыс шешуге тырысты. Сабақтардан кейін мәжіліс залында мұғалімдерге арналған концерт өткізілді. Мұнда оқушылар ғана емес, ұстаздар да өз өнерін көрсетті.
Өзін-өзі басқару күні мұғалімдерге де, оқушыларға да ең жарқын және әдемі күн ретінде естерінде сақталды және бұл дәстүр келесі жылы да өз жалғасын табады деп үміттенеміз, сонда басқа да мектеп түлектерінің осындай қызықты шараға қатысуларына мүмкіндік болады.