Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: ул.Ворушина, 6/2
662408, 662407
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Четверг с 15:00 до 18:00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек" атты Республикалық конференциясы
13-09-2016 10:27

Бүгін мектебімізде 10 қыркүйек күні «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-аналардың «Өз балаңа үлгі бол!» тақырыбындағы Республикалық Конференциясының аясында «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек» атты республикалық ата-аналар конференциясы өтті. Конференциясының міндеті жалпы мектеп пен отбасы арасында ынтымақтастықтың берік іргетасын қалауы болып табылады. Жиналысқа қатысқан қаламыздың № 4, 17, 21, 24, 37 мектеп ата-аналардың саны 309 құрады. Сонымен қоса, өз қалауларымен келген мұғалімдер саны 56-дан асты.Шараның қонағы ретінде ББУҚШО әдіскері Әсемгүл Ермекқызы Мерканова қатысты.

Мектеп табалдырығын аттimg_8012ау баланың өмірін айтарлықтай өзгертеді. Балаға жаңа жағдайға бейімделуге қалай көмектесу керек? Неліктен балада қиындықтар туындауы мүмкін? Осындай және де басқа да сұрақтар төңірегінде конференцияда жан-жақты талқыланды. Оқу үрдісіне бейімделу кезінде балаларға көңіл бөлу керек. Балалар мектепке барып жұрген кезде үрейленіп, қорқуы да мүмкін. Сондықтан, біздің басты мақсат – балалар мен ата-аналарға кеңес беріп, қолдау көрсету.

Шара барысында тәжірибелік бөлімді жүргізген психолог Назымгүл Бейсенбайқызы Идрисова ата-аналарға «Бірінші сынып оқушыларының ата аналарына психологиялық педагогикалық көмек» атты баяндама оқыды. Сонымен қатар, Отбасылық Тәрбиелеу Институтының тапсырысы бойынша арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.

Психологтар жиналған ата-аналарға психологиялық көмек көрсету мақсатынimg_8020да презентацияларды ұтымды пайдаланып, ата-аналардың ризашылығына иеленді. Ата-аналар психолог-мамандар мен тәжірибелі педогогтардың ақыл-кеңесін тыңдады. Әсіресе, балалармен жұмыс жүргізуде неге көңіл бөліп, неден тартыну қажеттігі әңгіменің өзегіне айналды.

«Шыны керек, қазіргі уақытта ата-ана мен бала арасындағы қатынас күрделеніп барады. Бүгінгі буынның қызығушылығы да өзгерген. Сондықтан бұл жерде арнайы мамандардың көмегі ауадай қажет. Бүгінгі конференцияда әр ата-ана өздеріне мол мағлұмат алды деп ойлаймын», - дейді Ақмарал Сыздыкова есімді ата-ана.

№37 ЖОББМ

Б.Қ. Базен