Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Мәңгілік ел –нұрлы болашақ» атты патриоттық акциясы
23-06-2016 09:51
«Мәңгілік ел –нұрлы болашақ» атты патриоттық акциясы

«Мәңгілік ел –нұрлы болашақ» атты патриоттық акциясы

№37 жалпы орта білім беру мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік ел –нұрлы болашақ» атты патриоттық акциясы өткізілді. Бүгінгі күні Қазақстанның алдына қойып отырған басты мақсаты — әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылу. Тәулсіздік жетістіктері мен мен табыстарын насихаттауға бағытталған іс-шараларын талқылап, қазақстандық біртектілік пен ел бірлігін нығайтып, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеяны дамыту. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр. Бүгінгі акция ұлтты біріктіруге, мемлекетімізді нығайту жолында қызмет ету, жас ұрпақ тәрбиесіне үлес қосу сынды асқақ мақсаттарды көздейді. Жазғы лагерьде оқушылардың бос уақытын тиімді ұймдастыру, патриоттық рухы биік сезімдерін арттыру. Отансүйгіштікке баулу. Адамзат баласы дамып-өркендеудің үлкен бір шыңына жеткен сынды көрінетін ХХІ ғасырда даму, алға жылжу қай ел үшін де, соның ішінде Қазақстан үшін де оңайға соқпасы анық. Мемлекетімізді нығайтып, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызу үшін беріктік қорын жасап беруге бағытталған «100 нақты қадам» жоспары көпшілік тарапынан қолдау тауып отыр. Нақты көрсетілген 100 қадамның ішінде 85-қадам — «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі жобасы әзірленіп, жүзеге асырыла бастады. «Мәңгілік ел» - ұлттық идеясының қағидалары 1.Қазақстан мен Астананың тәуелсіздігі 2.Ұлттық бірлік, біздің қоғамымыздағы ынтымақ пен келісім 3.Зайырлы қоғам және жоғары руханиялық 4.Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсім 5.Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы 6.Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы 7.Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандақ ат салысуы. «Мәңгілік ел –нұрлы болашақ» атты патриоттық акцияға арнайы қонақтар қатысты.
  1. «Нұр Отан» Партиясының, «Жас Отан» Жастар қанатының мүшесі Козубаков Дастан Амантайұлы.
  2. Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының маманы Акказина Шолпан Нүртүлеуқызы.
  3. Білім бөлімінің тәрбие секторының бас маманы Айгүл Серікқызы Толектемирова
Павлодар қаласының мектеп оқушылары. Алғы сөз №37 жалпы орта білім беру мектебінің директоры Жүсіпова Ләйлә Бажқызына берілді. «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген түйын –тұжырым . Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу деп, акциямызды ашық деп жариялады. Біздің ашық аспан астында еш­теңеге тең келмейтін бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан! Бізге ХХI ғасырда бағдар болатын бір ғана стратегия бар, ол – «Қазақстан-2050»! Баршамызды ерен істерге жетелейтін бір ғана ұлы мақсат бар, ол – Мәңгілік Ел! Осы жолда күллі халқымызды біріктіруге, мақсатымызды орындауға жұмылдыратын «Нұр Отан» партиясы! «Нұр Отан» Партиясының, «Жас Отан» Жастар қанатының мүшесі Козубаков Дастан Амантайұлы «Отанымыздың амандығы, әрбір қазақстандықтың жарқын болашағы осыған байланысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әр халық өз елінің тыныштығын сақтауға жауапты», деп айтқан болатын. Елбасының «Мәңгілік Ел» идея­сы – «ұлттық бірлік, біз­дің қо­ғам­дағы бейбітшілік пен келісім, биік рух» қағидаттарын бір сөзбен жеткізген идея деп акцияның ашылуымен құттықтап, оқушыларды өз елінің патриоты болуға шақырды. Қазақстан Тәуелсіздігінің басты жетістігі – елдің бірлігі мен тұрақтылығы. Біздің елімізде 130 дан этностың басын бір шаңырақтың астына біріктірген бірегей институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы. Павлодар облысының Қазақстан Халық Ассамблеясы хатшылығының маманы Акказина Шолпан Нүртүлеуқызы «Мәңгілік Ел ата-бабамыздың сан мыңдаған жылдар бойы асыл арманы екені баршамызға белгілі. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең, керегесі кең болу, Тәуелсіз мемлекет атану, ол арман тұрмысы бай қуатты, түтіні түзу, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу білу деп айтты. Біздің жастар жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады. Бүгінгі жас ұрпақтың алдында үлкен міндет - білімділік, жан-жақтылық жасампаздық, санала тәрбие алу. Тәуелсіз еліміздің бірлігі мен ынтымағының іргесін берік ұстайтын ол біздің жас ұрпақтар. Сахнаға мектебіміздің жоғарғы сынып маслихаты және Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» ұйымының мүшелері шақырылды. Бүгінгі «Мәңгілік ел –нұрлы болашақ » атты патриоттық акцияға қатысу мен үшін үлкен қуаныш. Себебі, Нұрсұлтан Әбішұлының саясатының арқасында жастарға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Соның арқасында мен көптеген облыстық, республикалық олимпиадаларға, байқауларға қатысып, облыстық «Мың бала» атты байқаудың жеңімпазы атандым. Мен бұл жеңістерге тоқталмай, Елбасының жастарға деген сенімін ақтап, биік шыңдарға ұмтыламын. Өзімнің ұлттым орыс болса да, жүрегім -қазақ деп соғады.Жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын.Мен өз елімнің патриотымын сол себептен елімнің дамуына тіл мәртебесінің сақталуына өз үлесімді қосқым келеді.Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау – әрбір азаматтың міндетті деп ойлаймын. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін , ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол-Мәңгілік Ел идеясы. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ-мәңгілік қазақтың перзенті. Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары-«Қазақстан-2050» стратегиясының түп қазығы. Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Достастық пен қиыр шеттің танып бәрін, Уа, жұртым шартарапқа шарықтадын. Елбасымыз бар әлемге танытты ғой, Қазақтай жер бетінде халық барын. Жер жаһанда «қазақ» деген ұлы есім тұр жаңғырып, Көшбасшымен жарқырауы заңдылық. Елбасымен абыройы асқақтап, Қазақ елі жасай берсін мәңгілік! «Қазақстан 2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін, Елдігіміз Мәңгілік!» деп оқушыларымыз акциямызды түйіндеді. Әрбір Жолдауында Ұлт Көшбасшысы халықтың жағдайын бір сәтке де ұмытқан емес. Біз осы уакыттың ішінде нық қадамдардан бастап, міндеттерді айқындап сеніммен бастадық. Күні бүгінге дейін айтылған міндеттердің бәрі жыл өткен сайын бірте-бірте орындалу үстінде. «Мәңгілік ел –нұрлы болашақ» атты патриоттық акциямыз, «Біз – қолдаймыз!» атты флеш-мобпен аяқталды. Акция аяқталғаннан кейін, ІІ бөлім, яғни шығармашылық бағыты бойынша мектебіміздің ІІ қабатында өтті. Қала мектептердің оқушылары сайыстарға белсене қатысып, әкімшілік атынан арнайы дипломмен марапатталды. 2 3 4

ТЖДО А.Б. Каппасова