Павлодар қаласы № 37 жалпы орта білім беру мектебіндегі «Жайдарлы жаз- жас ұрпақ»жазғы мектеп жанындағы лагерінде, маусымның 13-і күні «Кішкентай ханшайымдар» күні аталды. Бұл күні «Атамекен» тобының тәрбиешісі Әсель Маматаевна «Сән әлемі» атты іс шара ұйымдастырды. Бұл шараның мақсаты, керексіз заттардан ханшайымдарға киім және әшекейлер жасап жұртты таң қалдыру. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Эстетикалық тәрбие беру.Сахнада өзін тұстай білуге үйрету. Сән әлемі туралы хабардар ету.
Сән әлеміне алты топтан екі, үш ханшайымнан шығып өздерінің ерекшеліктерімен, тың идеяларымен көрермендерді тамсандырды. Керексіз заттардан қаншама әшекейлі заттар жасауға болатынын кішкентай ханшайымдар көрсетіп, жасалу жолдарын өз костюмдерін қорғау барысында айтып кетті.
Тәрбиешілер: Байбосинова.А.С, Баязитова.Г.Б