«Әдептілік – әдемілік» атты топтық сайыс

Павлодар қаласы № 37 жалпы орта білім беру мектебіндегі «Жайдарлы жаз-жас ұрпақ» жазғы мектеп жанындағы лагерьде "Бәйтерек" тобы «Әдептілік – әдемілік» атты топтық сайыс өткізді. Сайыс 3 кезеңнен тұрды, екі топқа бөлінді. Олар: «Достық» және «Бірлік» топтары.
Сайыстың мақсаты: Адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерін ажырата білугеүйрету, әдеп әліппесінің кілтін және әдептілік тәрбиесін бойына сіңіру. Ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.Оқушыларды әдептілікке, кішіпейілділікке, адамдармен қарым – қатынас жасай білуге, үлкенді сыйлауға үйрету. Мектептің спорт алаңында түрлі қимыл-қозғалыс ойындары өткізілді.