«Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» атты сынып сағаты
Павлодар қаласы № 37 жалпы орта білім беру мектебіндегі «Жайдарлы жаз-жас ұрпақ» жазғы мектеп жанындағы лагерьде, 9-шы маусым күні «Отан» тобы балалармен «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» атты сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Балаларды жаман әдеттерден сақтандыру, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға үйрету. Сөздік қорларын молайтып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сынып сағатында балалар екі топқа бөлініп турнир ретінде өтті. Бірінші турда мақал-мәтелмен жарысты.Екінші турда кім көп сыпайлы сөз білетінін байқадық. Сынып сағатының соңында «Ассалаумағалейкум қара мырза» атты қызықты ойын өтті.Сынып сағаты балалардың барлығына ұнады. Жаман әдеттерден аулақ жүреді деген үміттеміз.