Павлодар қаласының № 37 жалпы орта білім беру мектебінің «Жайдарлы жаз-жас ұрпағы» профильді лагері «Патриот», «Жас жол инспекторлары және жас инспекторлар», «Жас құтқарушылар», "Экологиялық" топтары К.Жұмабековтың «Адасқандар» драмасын тамашалады.
Қойылым желісі ислам дінін өзгеше уағыздаушылардың арбауына түсіп, теріс ағымның ықпалында кеткен Баянғали есімді жас жігіттің өмірі жайында өрбиді. Санасы уланғаны сонша, жүріс-тұрысын түбегейлі өзгерткен ол ақыл-кеңестерін айтып, алдына кес-кестеп шыққан ата-анасын да кеудеден итереді. Сондағы мақсаттары оңай жолмен мол ақшаға қол жеткізіп, жайлы өмір сүру. Ақыры, от пен оқтың арасына түсіп, ланкестік топтың мүшесіне айналғанын, жолынан жаңылғанын кеш түсініп, райынан қайтқанымен, өзі де әйелі де қаруластырының қолынан қаза табады.