Қысқы демалыс күндері 1 А» сынып оқушыларымен «Алтын қақпа» танымдық ойыны өткізілді. Мақсаты: оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге ынталандыру, білімге деген талпыныс, ізденістерін ояту. Балалар «Алғырлар» және «Тапқырлар» топтарына бөлініп, білімдерін ортаға салды. Ойын қатысушылардың ойларын қозғау үшін сұрақ-жауап түрінде өткізілген «кім жылдам» ширатуынан басталды. Одан кейін үш кезеңнен тұратын, әр кезеңнің 3 тапсырмасы бар қызықты ойынға жалғасты. Тапсырмалар 1-сыныптың І-жартыжылдығында математика, әліппе, дүниетану, логика пәндерінен өтілген тақырыптар негізінде құрылған. Балалар ойынға қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты. Жинаған ұпайлары бойынша «Алғырлар» тобы жеңіске жетті. Мұндай интеллектуалдық ойынның тәрбиелік маңызы зор. Оқушылар ойынды «қиындықта білім керек әркімге» деген сөздермен қорытындылады.
1 A сынып жетекшісі Досмахамбетова Гулбаршин Шәріпқызы.