Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: ул.Ворушина, 6/2
662408, 662407
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Четверг с 15:00 до 18:00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақстанның болашағы ұлттық мектептен басталады
15-01-2016 02:01
Қазақстанның болашағы ұлттық мектептен басталады

статья важатый Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауында «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек деген еді. Елбасының бағдарламасы іске асып, жаңа ғимарат - білім ордасы бой көтерді. Білім байрағын тік көтеріп келе жатқан тарихы мен даңқы бар, Павлодар өңіріне, білім ошағын жас ұрпаққа сыйға тартылды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында биылғы 2015 жылы Павлодар қаласында ашылып отырған екінші мектеп. Мектебіміздің салтанатты ашылуына облыс әкімі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев, облыстық білім беру бөлімінің басшысы Бексеитова Бахыт Мақанқызы, қаланың мектеп директорлары, №37 жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімдері және оқушылар мен ата-аналар қатысты. Облыс әкімі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев қазіргі заман талабына сай, жаңа ұрпақ мектебінің ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтап, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беретін ұстаздар қауымына жоғары жетістіктер, тың шығармашылық және болашақта көркейе берулеріне тілек білдірді. Дәстүрге айналған символикалық кілтті жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «ТАЗА-СТАР» құрылыс компаниясының директоры Баймағанбетов Алмас Айтмағанбетұлы мектеп директоры Ләйлә Бажқызы Жүсіповаға табыс салтанатты түрде табыс етті. Мұғалімдер, барлық мектептің, мың жылдық тарихын құрады, қалыптасқан дәстүрін сақтайды, осындай керемет ғимаратқа қол жеткізу - ұлы мереке, тамаша мектепте білім алу – бала мен ата-ана үшін зор бақыт. Жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы болғандықтан, бүгінгі күні бақытты балғындарға баға жетпес сый, жаңа ұрпақ мектебі сыйлыққа табысталып отыр. Ал енді мектепте білім беретін мұғалімдер қауымына артылар жүк те жеңіл емес, баланың білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын қалыптастыру, біздерге тиесілі, себебі барлық жағдай мен мүмкіндіктер жасалған, сапалы білім мен саналы тәрбие беруге ешбір кедергілер жоқ. Осындай керемет білім ғимараты үшін, Елбасымызға деген алғысымыз шексіз! Жаңа мектеп, жаңа қоныс баршамызға құтты болсын! Мемлекеттік тілде жүргізілетін жаңа мектептің тұғыры биік, керегесі кең болсын!

№37 жалпы орта білім беру мектебінің

тәрбие жөніндегі директордың орынбасары

Асем Бекенқызы Қаппасова