Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«ФЕЙС-АРТ»
25-02-2017 05:06
«ФЕЙС-АРТ»

  Кешегі күні №37 жалпы білім беру орта мектебінде технология мұғалімдерімен және M.M.Kaтaeватындағы оқушылар сарайының қосымша білім беруші оқытушыларымен бірлесе отырып ұйымдастырылған «ФЕЙС-АРТ» бойынша мастер класс өтті.

      Фейс арт — бұл түрлі-түсті бояулармен бетке сурет салу болып табылады. Ол боди-арт түрінің бірі болып табылады және ол тек бетке салынады. Фейсарттың міндеті бет әлпетті өзгертіп, оған көрнекілік, бірегей түр беру. Бояулар көмегімен адамды танымастай етіп өзгерте алатын бұл өнер туындысы оқушыларымызға қатты ұнады.

     Бет өнер салаларының бірі болып табылатын «ФЕЙС-АРТ» (Face art- ағылшын тілінінен аударғанда Face - бет, art - өнер) атты мастер-класты Сыздықова Лаура Aрыстанбекқызы өткізген болатын. Мастер класс барысында оқушылар оқытушы ұсынған суреттер топтамасынан немесе өз қиялына ерік бере отырып, ойларын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Бояулар тез жуылатын және бетке еш зияндылығы жоқ екені алдын-ала түсіндірілді. Оқушыларымыз бұл тәжірибелерін алдағы көктем мерекелерінде қолдануды жөн көріп отыр.