Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жердің Күнді айнала қозғалысының Жер бетіне жарық пен жылудың таралуының әсері»
01-03-2017 08:53
«Жердің Күнді айнала қозғалысының Жер бетіне жарық пен жылудың таралуының әсері»

     Соңғы жылдардың ішінде мектепте жаңа технологияларды кеңінен қолдану орын алып отыр. Қазіргі оқыту үрдісінің мақсаты оқушыны жан-жақты қалыптасқан, бәсекелестікке бейім тұлға тәрбиелеу.  

    Осы бағытты ұстанып, мектебіміздің 6 «А» сыныбының оқушылары география сабағында жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеріп, мұғалімнің орнына тақырыпты түсіндіріп ашты. Сабақтың тақырыбы: «Жердің Күнді айнала қозғалысының Жер бетіне жарық пен жылудың таралуының әсері». Сабақтың мақсаты: өз бетімен дами алатын оқушыларды тәрбиелеу және өз бетімен жұмыс жүргізе алатын оқушыларды дамыту.

    Сабақ барысында оқушылар негізгі терминдерді түсіндіріп, сызба-нұсқалар мен суреттерді пайдаланып тақырыпты толығымен ашты, жан-жақты және қызықты қылып ашуға тырысты. Тақта алдына бір топ оқушылар шығып, «Жердің орбитадағы орнына байланысты жыл мезгілдерінің ауысуы» атты 78 суретті түсіндірді. Оқушылар ең алдымен бұл суретті ақ қағазға салып алып, түсінікті болу үшін  іс жүзінде көрсетті. Олар бұл суретке сай, жыл мезгілдеріне бөлініп, олардың орбитадаға орнын көрсетті. Сабақтың былай өткізілуіне оқушылар қызығушылық танытып, тақырыпты жақсы меңгерді.

    Бұл сабақтың нәтижесінде оқушылардың өз бетінше ойлау қабілеті, дағдыландыру, ой түю, қорытындылар жасай білу, өздігінен жұмыс жүргізу қабілеттері дамыды.