Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
АНАСЫ БАР АДАМДАР ЕШҚАШАН ҚАРТАЙМАЙДЫ
07-03-2017 11:29
АНАСЫ БАР АДАМДАР ЕШҚАШАН ҚАРТАЙМАЙДЫ

      Мектебімізде 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты мерекелік шара өтті. Шара мектебіміздің директоры Ләйлә Бажқызы Жүсіпованың құттықтау сөзімен басталды.
   Ұжым басшысы мұғалімдерді, оның ішінде әйел-аналарды мерекелерімен құттықтап, мектептегі біршама ұстаздарға ерен еңбектері үшін өз қолымен мөрленген марапаттау қағаздарын табыс етті. Әрі қарай, шара барысы мектеп оқушыларының мерекелік концертіне ұласты. Оның ішінде сахна төріне алғаш рет шығып, өнерлерімен көрермендерді тәнті еткен оқушылар да болды. Олар: 7-сынып оқушысы Амангелдинова Дильназ, 4-сынып оқушысы Нығман Сымбат.
    Сондай-ақ 2-сынып оқушылары: Төлеутаев Дарын мен Жунусханова Сабина өздерінің сахнадағы сүйкімді қимылдарымен бірден көрермендер көзайымына айналды. Оларға жиналғандар қол соғып, ерекше ықылас танытып, қошемет көрсетті.
    Мектеп оқушылары ұлттық өнерден де құр алақан емес екендерін танытып, домбырамен күй жарысын көпшілік қауымға ұсынды.
    Шара соңы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Бахитқызы Әбдімбетованың құттықтау сөзімен аяқталды.