Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жаңартылған оқу бағдарламаларын оқу үдерісіне енгізу мақсатында мұғалімнің қызметіне әдістемелік көмек»
11-03-2017 04:09
«Жаңартылған оқу бағдарламаларын оқу үдерісіне енгізу мақсатында мұғалімнің қызметіне әдістемелік көмек»

      № 37 ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сахимзадина Маржан Дайргалиқызының тәжірибе бөлісуімен Павлодар қаласынның № 19 ЖОМ базасында «Жаңартылған оқу бағдарламаларын оқу үдерісіне енгізу мақсатында мұғалімнің қызметіне әдістемелік көмек» тақырыбында тәжірибелі-бейінді семинар өткізілді.
   Семинардың өзектілігі оқытуда педагогикалық тәжірибеде жаңа көзқарастарды енгізіп келетін мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету болып табылады. Семинарда оқу сабақтарын жоспарлауға дайындық бойынша сұрақтар, дидактикалық материалдармен қамтамасыз ету, оқушылардың оқу қабілеттіліктерін бағалау мен өзіндік рефлексияны қалыптастыру бойынша сұрақтар көтерілді.
    Біздің мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Сахимзадина Маржан Дайргалиқызының өткізген сабағы, оқытудың белсенді түрлерінің функционалдық сауаттылықты дамытуда және өз бетінше білім алуды жетілдіруде, сын тұрғысынан ойлауды дамытуда, тәжірибелік әрекетті толыққанды етуде айтарлықтай маңызды әсер ететінін көрсетті.