2017 жылдың 17-18 наурыз күндері №37 жалпы білім беру мектебінде барлық сыныптардың қатысуымен Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өтті. Шараны өткізудегі мақсат – Наурыз мерекесінің шығу тарихымен, осы мерекемен байланысты салт-дәстүрлермен оқушыларды таныстыру.
Наурыз – бұл қазақ халқының ғана емес, сондай-ақ Азия елдері халықтарының да елу жылдан бері тойлап келе жатқан көктемгі мерекесі. Наурыз – жыл басы, көктемгі мереке, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің бастауы. Наурызды атап өтудің түп-тамыры тереңде, бұл табиғатқа тәу ету мерекесі. Наурыз мерекесі 22 наурыз күні күн мен түннің теңесуі қарсаңында атап өтіледі.
Мейрамның ашылуы «Жаңа күнге тәу ету», «Шашу-шашу» сияқты дәстүрлерден бастау алды. Барлық оқушылар ұлттық «Қара жорға» биін биледі. Ұлттық дәстүрлеріміз бен салттарымыздан көріністер көрсетіліп, ұлттық ойындар ойналды, ұлттық тағамдар мен киімдер үлгісі көрсетілді. Сондай-ақ, ұлттық әуендер шырқалып, күй тартылды. Бастауыш сынып оқушылары көктемгі билерін билеп таң-тамаша етті. Балалар асқан қызығушылық пен белсенділік танытып, отан сүйгіштіктерін көрсетті.
Мереке соңында дәстүріміздің жалғасы «Бата беру» барысында Қыдыр ата балаларға көп жақсылықтар, оқуда табыс тілей отырып, оқушыларға өз халқының тарихын жақсы білетіндіктері үшін алғысын айтты.
Қош келдің, әз Наурыз!