Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ұлттық тәрбие ұлттық мектептен басталады
17-04-2017 09:02
Ұлттық тәрбие ұлттық мектептен басталады

  17.04.2017 жылы №37 жалпы орта білім беру мектебіне Қазақстан Республикасының сенаты депутаты, жазушы Жабыл Ерғалиұлы Ерғалиев сапар шекті. «Білім мазмұнын жаңартумен байланысты туындап отырған мәселелері» бойынша мектептегі робототехника кабинетінде З.Н. Саметова «Роботтарды жобалау», жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы негізінде Д.Б Садыкова ағылшын тілінен 1-сыныптарға мультимедиялық ActiveInspire бағдарламасын қолданып, «Азық-түлік» тақырыбына сабақ көрсетті. С.С. Адамбаева 2 Б сыныбында қазақ тілі пәнінен «Сөз таптары» тақырыбы бойынша Кембридж бағдарламасы негізінде 7 модуль ықпалдастырылған сабақ өткізді. Биология пәнінен С.Ж.Ауталипова ағылшын тілі элементтерін қолданып, «Популяция. Бірлестіктер» тақырыбына 9 «Б» сыныпта ашық сабақ көрсетті. Сенат депутаты шахмат үйірмесі жұмысымен танысты. Үйірме жетекшісі А. М.Жарылғазинов жүргізеді. Президент кабинетінде тарих мұғалімі А.Е.Касымжанова жетекшілік етуімен «Жолдаудың қадамдарымен» атты дөңгелек үстел өткізілді. 10 «А» сынып оқушылары қазақ, орыс, ағылшын тілінде еркін сөйлеп, үштілділік саясатының мектепке енгізіліп жатқанын нақты көрсете алды. 7 «А» сынып жетекшісі Г.А.Дюсенбина « Мәңгілік ел-қазақ елінің ұлттық идеясы» тақырыбына « Рухани жаңғыру» жолдамасының негізгі қағидаттарын түсіндіру мақсатында сынып сағатын өткізді. Сенат депутаты мәжіліс залында өнер тәрбиесінің аса зор көрсеткіші хор, вокал, домбыра үйірмелерінің жұмысын тамашалады. Оқушылармен әңгімелесіп, мектептегі ұлттық тәрбиенің кең ауқымда жүргізіліп жатқанына риза болды. Мектеп оқушыларына оқуда табыс, өз ұлтының нағыз патриоты болуларына тілек білдірді.