1 маусым - Балаларды қорғау күні
1 маусым - Балаларды қорғау күні, бұл ең жақсы және қуанышты мереке болып табылады. Бұл күннің жақсы өтуі, есте қалуына үлкендердің тигізетін ықпалы зор. Себебі кішкентай бүлдіршіндерге әрдайым қамқорлық, назар аудару қажет, ал бұл сезімдер әрқайсысымызда бар екендігі белгілі. Осыған орай мектеп жанындағы жазғы лагерьдің ашылу рәсімі өтті. Балаларға арнап концерттік бағдарлама қойылды. Оқушылар ән салып, билеп, ойын ойнады. Аяғы балаларға арналған би кешімен жалғасыты.