Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Спорт және Қожа»
13-06-2017 03:17
«Спорт және Қожа»

      № 37 жалпы орта мектебінің «Мәңгілік ел – жарқын болашақ» жазғы лагерінің «Балбұлақ» тобы «күлімдеу күніне» орай Ж.Аймаутов театрына «Спорт және Қожа» қойылымына барды.
     Қойылым қызықты да, көңілді өтті. Балалар өздерінің мәдениеттілігін көрсете білді. Сапта түзу, тәртіпті жүре білді.
    Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.
     Балаларды спортпен шұғылдануға және жалқаулықтан бойларын алыс ұстауға баулу сияқты тәрбиелік мәні болды. Сондай-ақ қойылымның өз елі мен жерін қорғауға, патриоттық сезімді оятуға арналған екендігі көрініп тұрды. Осындай қызықты күннен балалар спорт туралы көп пайдалы мәліметтер алды деп ойлаймын.

 

Топ жетекшісі: Н.Т. Мазанова.