Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
37 жалпы орта мектебінде мектеп бітіруші түлектердің қоштасу кеші өтті
14-06-2017 09:08
37 жалпы орта мектебінде мектеп бітіруші түлектердің қоштасу кеші өтті

    2017 жылғы 10 маусымда 37 жалпы орта мектебінде мектеп бітіруші түлектер үшін соңғы қоштасу кеші өтті. Түлектерге мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерінің жүрек жарды тілектерінен кейін, 11 жылда алған білімін ақтап шыққан түлектерге салтанатты түрде аттестаттарда табыс ету рәсімі басталды. Айта кету керек, биыл 40 оқушы мектеп қабырғасын тәмамдаса, оның екеуі «Алтын белгі» иегерлері атанып отыр. Сонымен қатар, 9 сынып бітіруші 65 оқушыға да негізгі мектеп бітіру куәліктері табысталды. Бұл күні еңбегімен ерекшеленген бірқатар мұғалімдер мен мектеп өміріне белсенді атсалысқан оқушыларымыз марапатқа ие болды. Салтанатты жиын түлектерге арналған концертке ұласты. Шара соңында, 11 сынып бітіруші түлектерге алдағы уақытта тапсыратын ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан сүрінбей өтуге ізгі тілектер айтылды.