«Алтын белгі» аттестатының иегерлері
№37 жалпы орта білім беру мектебін биыл 40 оқушы аяқтады. Солардың ішінде 2 оқушы «Алтын белгі» аттестатының иегері. Олар Бекен Аймира және Сарсембай Аида. Бұл шығармашыл оқушылар, әртүрлі сайыстар, пәндік олимпиадалар және де ғылыми жобалар сайыстарының жеңімпаздары.
Мектеп директоры Л.Б.Жүсіпова оларды құттықтап, құрмет грамоталарын тапсырды, ал «Алтын белгі» аттестаттарын оларға Павлодар облысының әкімі Бакауов Б.Ж. беріп, келешекте мол табыстар және ақ жол тіледі.
Сонымен қатар, облыс әкімінің қолынан осы оқушылар ноутбуктарды сыйлыққа алды.