Дарынды ұрпақ – ел мақтанышы
Дарынды ұрпақ - қашан да елдің мақтанышы. Ашылғанына көп болмаса да, Павлодар қаласындағы № 37 мектептің оқушылары өздерінің дарындылығыменен ұстаздарын қуантып келеді. 2016-2017 оқу жылындағы толағай табыстарымыздың бірі – оқушыларымыздың облыстық пәндер олимпиадасынан жүлделі орындар иемденуі. Атап айтқанда, 10-сынып оқушылары: Қабдылбәри Әнел, Кайп Ахмади, 11-сынып оқушылары: Каирова Назерке, Сәрсембай Аида ІІІ орын иегерлері атанса, Бекен Аймира ІІ орынға табан тіреді, ал Айдарханов Айдар І орынды қанжығасына байлады. Осы аталған оқушыларымыз қала әкімінің қолынан бағалы сыйлықтар ноутбуктерге ие болды. Осылайша, оқу жылы жүлделі орындармен табысты аяқталды. Келесі оқу жылында да талай белестерді бағындырады деген сенімдеміз.