«Ең ынтымақты отбасы»
8 қыркүйекте Қалалық саябақта «Отбасы күнін» тойлау қарсанында «Ең ынтымақты отбасы» атты эстафеталық ойын өтті. Ойынға №37 жалпы орта білім беру мектебінің 4 «В» сыныбының оқушылары мен ата- аналары қатысты. Олар Елемес Абухайыр, Елемес Торғын, Елемес Асем, Елемес Сайран. Елемесовтар отбасы жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетіп, «Ең ынтымақты отбасы» деген мадақтамамен марапатталды.